Фото

Танымал фильмдер мен сериалдар қайда түсірілді – фото

Sputnik

Өзге ғаламшарлық пейзаждар, готикалық қамалдар мен қираған қала үйінділері, фантастикалық ормандар, таулар мен өзендер, адам аяқ баспаған аралдар мен табиғат "құрастырған" мінсіз декорациялар!

Аватар", "Хоббит" және "Сақиналар әміршісі", "Гарри Поттер", "Марс тұрғыны", "Даунтон абаттығы", "Интерстеллар", "Тақ ойыны" және "Жұлдыздар соғысы" - Sputnik Қазақстан суреттер топтамасынан танымал фильмдер мен сүйікті сериалдар түсірілген жерлерді көре аласыз.

Оқи отырыңыз: 

1 / 22
"Аватар" фильмі
2 / 22
Қытайдағы Чжанцзяцзе Джеймс Кэмеронның "Аватар" фильміндегі тау ландшафының прототипіне айналды.
3 / 22
"Марс тұрғыны" фильмі.
4 / 22
"Марс тұрғыны" фильміндегі ландшафтар – жер бетіндегі шынайы жер. Туынды Иорданияның Вади-Рам шөлінде түсірілді. Бұл жерді сондай-ақ Ай аңғары деп те атайды.
5 / 22
"Даунтон абаттығы" фильмі
6 / 22
Бұл танымал сериал тарихи орын – Хайклер қамалында түсірілді. Бұл бекініс XVII ғасырдың басында тұрғызылған және Англияның Хэмпшир графтығының солтүстігінде орналасқан.
7 / 22
"Алтын тапаншасы бар адам" фильмі
8 / 22
Таиландтың Пханг-Нга бұғазындағы судың ортасында орналасқан Ко Тапу аралына туристер көптеп келеді. Жартастың танымал болуына "Алтын тапаншасы бар адам" фильмінің кейбір кадрының осы аумақта түсірілуі де ықпал етіп, Джеймс Бонд аралы деп аталып кетті.
9 / 22
"Интерстеллар" фильмі
10 / 22
"Интерстеллардегі" кейіпкерлердің ғарыш ландшафымен серуені Еуропадағы ірі мұздық – Исландиядағы Ватнайёкюдлде түсірілді.
11 / 22
"Жұлдыздар соғысы" фильмі
12 / 22
Джордж Лукастың "Жұлдыздар соғысы" фильмі Тунистегі бірнеше жерде, соның ішінде ғаламшарды Татуин деп атауға себепші болған Татавинде де түсірілді.
13 / 22
"Тақ ойыны" сериалы
14 / 22
"Тақ ойыны" сериалындағы қамал шын мәнінде өмірде бар бекініс. Ол Мароккода орналасқан және Ксар Айт-Бен-Хадду деп аталады.
15 / 22
"Жағажай" фильмі.
16 / 22
"Жағажай" фильміндегі романтикалық сәт Таиландтың Пхи-Пхи Ле атты адам тұрмайтын аралында түсірілген. Бұл жерде сұлулық байқаулары жиі өткізіліп тұрады.
17 / 22
"Мэдисон округінің көпірлері" фильмі.
18 / 22
Киносүйер қауымға "Балқарағай көпірі" 1995 жылы түсірілген "Мэдисон округінің көпірлері" фильмі арқылы таныс. Фильмді танымал актер әрі режиссер Клинт Иствуд түсірсе, басты рөлді Голливуд жұлдызы Мерил Стрип сомдады.
19 / 22
"Хоббит" фильмі
20 / 22
Хоббиттердің әйгілі ауылы Жаңа Зеландияның Матамата қаласына жақын маңда орналасқан. Матамата қаласы "Хоббит" және "Сақиналар әміршісі" кинотрилогиясы жарыққа шыққаннан кейін танымал болды. Тіпті қалаға кіреберісте "Хоббитонға қош келдіңіздер" деген жазу жазылған тақтайша әлі тұр. Күн сайын 400-ден астам турист Хоббитонға келіп, ғажайып әлемге саяхат шегіп, аласа салынған үйлерде суретке түседі.
21 / 22
"Гарри Поттер" фильмі.
22 / 22
Лондондағы Кингс-Кросс теміржол бекетінің солтүстік-шығыс бөлігі туралы Джоан Роулинг өз романында жазды. 9 және 10 платформалар арасында Хогвартсқа жүретін пойыз тоқтайтын ғажайып платформаға апатратын жол бар.