09:43 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Айя-Напа қаласының Пернера жағажайындағы Musan суасты мүсіндер музейіндегі нысандар, Кипр

Кипрдің жағалауында су астына түрлі мүсіндер орналастырылып, дайверлерге арналған мистикалық орман пайда болды

Кипрдың Айя-Напа қаласындағы муниципалитет балық шаруашылығы және теңіздегі зерттеулер министрлігімен бірлесіп, британдық дизайнер Джейсон ДеКайрс Тейлорға суасты паркінің жобасы үшін миллион еуро төледі. 

Джейсон үшін MUSAN (Айя-Нападағы суасты мүсіндер музейі) тарихта атын қалдырудың таптырмас мүмкіндігіне айналды. Себебі бұл арт нысандардан құрастырылған әлемдегі ең алғашқы суасты музейі болмақ. 

MUSAN Айя-Напа жағалауында, суы өте мөлдір және суасты тіршілік иелері мейлінше аз аумақта орналасқан. Бірақ жоба авторлары балықтар мен шаяндар жақын уақытта көп мөлшерде пайда болады деп сендірді.

Бұл аумақты "орман" деп атауға 93 арт-нысанның орналасу сызбасы мен парктің құрылымы себепші болып отыр. Мүсіндердің бір бөлігі суасты мақұлықтары үшін тұрақ қызметін атқарып, ол осы ортаны қайнаған тіршілік мекеніне айналдырады. 

Нысандар түрлі тереңдікке орналастырылған. Туристерге арналған бағдар орман арқлы өтетін сүрлеу жол іспеттес. Бұл теңіздегі тіршілік иелерін тамашалауға және түрлі құпияның сырымен танысуға мүмкіндік береді. 

Суретшінің айтуынша, қазір адамдар табиғаттан алыстап барады және ол адам баласына қоршаған әлеммен етене жақын болу қажеттілігін еске салғысы келген. 

Мүсіндер нейтралды қышқылдылығы бар түрлі инертті материалдардан дайындалған. Парк аквалангистер, фридайверлер мен сноркелингті сүйетіндер үшін ашық.

 

Тақырып бойынша

Алматының ботаникалық бағына саяхат – фото
Киелі шаһарға саяхат: түрленген Түркістанның тіршілігі - фото
Есік-терезе сынып, шатыр құлады: әскери бөлімдегі жарылыстан бүлінген нысандар – фото
Көне шаһарға саяхат: Тараздың туристік нысандары – фото
Елордада көлік картасын беретін кассаның алдында ұзын-сонар кезек пайда болды – фото
Загрузка...

Басты тақырып