НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Bank RBK Павлодар қаласы филиалының басшысы өзіне қол салды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көз жұмған әйел 49 жаста болатын.
"Қазрігі күні Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзіне қол салуға жеткізу) бойынша іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - дейді полициядағылар.
Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылған.
Bank RBK оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Bank RBK" АҚ Павлодар қаласы филиалы басшысының мезгілсіз өмірден өткенін хабарлайды. Банк басшылығы мен ұжымы әріптесіміздің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Банк тарапынан әріптесіміздің отбасына материалдық көмек көрсетілетін болады. Және істің мән-жайын тергеуге қолдау көрсетеді. Тергеу аяқталғанға дейін банк дәлелсіз ақпарат таратпауға шақырады", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз:
- Павлодарда әйел үш баласын өлтіріп, артынша өзіне қол салды
- Балалар арасындағы суицид пен әлімжеттік: мәжілісте заң жобасы мақұлданды
- Атырауда 19 жастағы қыз сегізінші қабаттан секіріп кетті