Қоғам

Павлодарда Bank RBK филиалының басшысы өзіне қол салды

© Photo : пресс-служба департамента полиции Восточно-Казахстанской областиполиция
полиция  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2021
Жазылу
Осыған орай Қылмыстық кодекстің өзіне қол салуға жеткізу бабы бойынша іс қозғалды. Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Bank RBK Павлодар қаласы филиалының басшысы өзіне қол салды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көз жұмған әйел 49 жаста болатын.

"Қазрігі күні Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзіне қол салуға жеткізу) бойынша іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - дейді полициядағылар.

Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылған.

Bank RBK оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Bank RBK" АҚ Павлодар қаласы филиалы басшысының мезгілсіз өмірден өткенін хабарлайды. Банк басшылығы мен ұжымы әріптесіміздің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Банк тарапынан әріптесіміздің отбасына материалдық көмек көрсетілетін болады. Және істің мән-жайын тергеуге қолдау көрсетеді. Тергеу аяқталғанға дейін банк дәлелсіз ақпарат таратпауға шақырады", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0