Өңірлер

-11°C болады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Ол жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкеледі
Sputnik

АЛМАТЫ, 4 қазан – Sputnik. Қазгидромет 5-7 қазан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Болжамға сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон ықпалында болады. Ол жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкеледі.

Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Ал 6 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын түседі.

Алдағы үш күнде жауын-шашын болып, тұман түседі. Синоптиктер болжамы бойынша көктайғақ пен бұрқасын болуы мүмкін.

Түнде Қазақстанның батысында ауа температурасы 0-5 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 5-10 аязға дейін, шығыста 3-11 аязға дейін төмендейді.

Оңтүстікте түнгі уақытта аумақтың көп бөлігінде 1-6 градус аяз болады.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда 5 қазанда қар жауады, түнде -1°C, күндіз +1°C болжанды. 6-7 қазанда күн бұлтты, түнде -2...-1°C, күндіз +3...+5°C жылы.

Алматыда үш күн қатарынан күн бұлтты болады, 5 қазанда жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +7°C, күндіз +12°C жылы болады. 6 қазанда жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде -1°C, күндіз +6°C. Ал 7 қазанда жаңбыр жауады, түнде -1°C, күндіз +2°C жылы.

Шымкентте 5-6 қазанда күн бұлтты, түнде +5...+6°C, күндіз +15...+16°C жылы. Ал 7 қазанда күн ашық болады. Ауа температурасы түнде +6°C, күндіз +16°C жылы.

Оқи отырыңыз: