Өңірлер

Қазақстанның бір қаласында үш күн бойы су болмайды

Құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде негізгі магистралды су құбырына зақым келтірілген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында жұмысшылар сенбі, 2 қазан күні негізгі магистралды су құбырына зақым келтірді. Соның кесірінен қалада үш күн бойы су болмайды. Бұл туралы қала әкімінің аппараты хабарлады.

"Бестау бастоғанынан 10 шағын ауданға дейін резервтік желі жүргізу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде негізгі магистралды су құбырына зақым келді. Осыған байланысты су беру тоқтатылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Екі сағаттан кейін әкім аппараты қаланың солтүстік бөлігінде су беріле бастағанын атап өтті.

Болжам бойынша апат толығымен үш күн ішінде жойылады. Оның салдарын жоюмен "Ақсаужылуқуат" және "Байсын-А" ЖШС мамандары айналысып жатыр.

Шағын аудандарға су тасу жұмысы ұйымдастырылды. Техника 4 шағын ауданда 7 үйдің маңында тұрса, 10 шағын ауданда 2 үйдің жанына орналасады. Ал 5-ші шағын ауданда су қайда жеткізілетіні туралы ақпарат кейінірек хабарланады.

Оқи отырыңыз: