Қоғам

Тоқаев Қалжыр өзенін ластағандарды жазалауды тапсырды

CC0 / Наталья Коллегова / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы Күршім ауданындағы Қалжыр өзенінің проблемасына назар аударды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенін ластағандарды жауапқа тартуды тапсырды.

"Айқын" газетінде "Қалжырды кім ластап жатыр?" деген мақала жарияланған. Онда Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенін заңсыз алтын өндірушілер қатты ластап жатқаны туралы өте өзекті мәселе көтерілген.

"Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аталған проблеманы егжей-тегжейлі тексеріп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

Мақалада Қалжыр ауыл халқы суын күнделікті тұтынып, малын суарып жүрген Күршім ауданындағы үлкен өзендердің бірі екені айтылған.  Марқакөл көлінен жалғыз өзі ағып шығатын өзеннің бойында онға жуық елді мекеннің халқы тұрады.

Қыркүйектің басында судан алынған сынама қорытындысы өзеннің Қалжыр ауылынан өтер тұсындағы ластаушы заттар мөлшері 17 есеге артқанын көрсеткен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, алтын шаюшылар Қалжыр өзеніне ойына келгенін істеп жатыр, өзен арнасын бұрып тастаған. Судың лайланғаны сонша, кәдімгідей жағымсыз иіс шығады. Ауыл халқы лайланған су Ертіске құйып жатқанына алаңдаулы.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0