КӨКШЕТАУ, 1 қазан – Sputnik. Степногорскіде өрттен бес жасар бала көз жұмды. Оның ата-анасы үйден екі баланы ғана алып шығып үлгерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қайғылы оқиға Ақмола облысында Степногорск түбіндегі Байқоныс ауылында таңғы сағат жетіде болған.
Әйелі мен екі баласын аман алып қалды, алайда тұңғышын құтқарып үлгермеді
© Photo : Пресс-служба департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области
"85 шаршы метр аумақтағы екі пәтерлі үйден өрт шықты. Бұл үйде бес адам тұрған. Отағасы әйелі мен екі баласын құтқарып қалды. Өкінішке қарай, 2016 жылы туған үлкен ұлы көз жұмды. Күйік шалған ер адам ауруханада жатыр", - деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сағат 07.14-те оқшауланып, 07.46-да сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖМ алты қызметкері мен бір техника жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз:
- Степногорскідегі алапат өрт: 60 саяжай күлге айналды – видео
- Қостанайда үйдің жертөлесінде жойқын жарылыс болды
- Шымкентте бір қора қой өртеніп кетті