Өңірлер

Темір тордың ар жағындағы арулар: Шығыс Қазақстан колониясында байқау өтті - фото

Конкурс қатысушылары күзгі арт-бейнені жасап, хореографиялық және аспаздық қабілетін көрсетті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы 156/21 мекемесінде дәстүрлі "Күз ханшайымы" байқауы өтті, деп хабарлайды облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Биылғы сұлулық конкурсына бес әйел қатысты. Олар он күн дайындалып, өз өнерін паш етті. Мәселен, сотталған Светлана пердеден ерекше көйлек тігіп, сахнаға күз бейнесін сомдап шықты. Ал Карина қазылар алқасын күзгі жеміс-жидектен жасалған гербарийімен таңғалдырды.

Темір тордың ар жағындағы арулар: Шығыс Қазақстан колониясында байқау өтті - фото

Конкурс қатысушылары күзгі арт-бейнені жасап, хореографиялық және аспаздық қабілетін көрсетті. Ал көрермендер мен қазылар алқасына үздік гербарий мен "Алтын дауыс" конкурсы ұнады.

Темір тордың ар жағындағы арулар: Шығыс Қазақстан колониясында байқау өтті - фото

Байқаудың нәтижесі бойынша 33 жастағы Светлана Сергеевна "Күз ханшайымы" атанды. Ал сотталған Юлия Александровна "үздік дауыс" аталымын жеңіп алды.

"Мен осындай байқауға алғаш рет қатысып отырмын. Конкурс сынақтарынан сүрінбей өтіп, "Күз патшайымы" атандым, өте қуаныштымын", - дейді Светлана.

ШҚО бойынша ҚАЖД 156/21 ОВ тәрбие жұмысы жөніндегі бастығының орынбасары Анар Қуатқызының айтуынша, мұндай байқаулар сотталғандардың түзелуіне оң әсер етеді.

Қатысушыларға демеушілердің атынан 9 000-15 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.

Оқи отырыңыз: