Қоғам

Түрмедегі кездесулерге тыйым салынды – комитет түсініктемесі

© Sputnik / Тимур БатыршинӘйелдер колониясы, архив сурет
Әйелдер колониясы, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2021
Жазылу
Қамауда отырғандарға телефонмен сөйлесуге, сондай-ақ бейнекездесу қызметін қолдануға рұқсат етілген

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Эпидемиологиялық ахуал бойынша "қызыл" аймаққа кіретін өңірлерде сотталғандармен кездесуге рұқсат берілмейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 32 қаулысына сәйкес, сырқаттанушылар көрсеткіші жоғары өңірлерде сотталушылармен ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге тыйым салынды", - дейді комитет мамандары.

Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты мекемелерде қамауда отырғандар телефонмен сөйлесу, сондай-ақ бейнекездесу қызметін қолдана береді.

"Бүгінгі күні сотталғандар мен тергеудегілер қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Короновирустық инфекцияның жаңа штамының таралуына жол бермеу мақсатында желдету, бөлмелер мен кабинеттерді кварцтау, сондай-ақ маска режимін сақтау шаралары күшейтіліп отыр", - делінген ресми хабарламада.

Оқи отырыңыз: Бостандыққа шығуына 8 ай қалған: Колонияда қаза болғандар туралы жаңа дерек шықты

Алайда қаулыда көрсетілген шектеулер сотталғандарды этаппен алып жүруге жататын мекемелердің ұжымына қолданылмайды. Бұдан бөлек, қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жүргендер вакциналаудың толық курсын алған жағдайда түрмеден тыс жұмыс нысандырына жіберіледі.

"Ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге рұқсат елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына қарай берілетін болады", - дейді комитет қызметкерлері.

Жаңалықтар
0