Саясат

Қазақстан мен Ресей вице-премьерлері жол саласындағы бірлескен жобаларды талқылады

Жол саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, өткізу пункттерін қайта жаңарту, екі елдің құрылыс нормаларын біріздендіру мәселелері қаралды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Ресей үкімет басшысының орынбасары Марат Хуснуллиннің басшылығымен екі күндік жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтанға келген РФ үкіметтік делегациясымен жол саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, өткізу пункттерін қайта жаңарту, екі елдің құрылыс нормаларын біріздендіру мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Ресей вице-премьерлері жол саласындағы бірлескен жобаларды талқылады

"Тараптар жол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылап, олардың өткізу қабілеттілігін, жүк тасымалы көлемі мен әлеуметтік-экономикалық әсерін болжауға мүмкіндік беретін автомобиль жолдарының құрылысы бойынша жұмыстарды синхрондауға дайын екендіктерін білдірді", - деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ хабарламада шекаралық өткізу бекеттерін бірлесіп қайта құру жоспарлары олардың жүктемесінің ұлғаюымен және екі ел арасындағы туристік ағынның көлемін ұлғайту мүмкіндіктерімен байланысты екені аталып өткен.

Қазақстан мен Ресей вице-премьерлері жол саласындағы бірлескен жобаларды талқылады

"Қабылданған шешімдер мүдделі мемлекеттік органдардың жедел және үйлестірілген жұмысына, екі мемлекет азаматтарының мүдделеріне бағытталған практикалық нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушылар өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық принциптерін ұстанатындықтарын растады және үкіметаралық байланыстардың жоғары динамикасын сақтауға келісті.

Оқи отырыңыз: