Саясат

Қазақстан мен Ресей вице-премьерлері жол саласындағы бірлескен жобаларды талқылады

© Sputnik / Абзал КалиевРоман Скляр и Марат Хуснуллин обсудили вопросы двустороннего сотрудничества между Казахстаном и Россией
Роман Скляр и Марат Хуснуллин обсудили вопросы двустороннего сотрудничества между Казахстаном и Россией - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2021
Жазылу
Жол саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, өткізу пункттерін қайта жаңарту, екі елдің құрылыс нормаларын біріздендіру мәселелері қаралды

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Ресей үкімет басшысының орынбасары Марат Хуснуллиннің басшылығымен екі күндік жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтанға келген РФ үкіметтік делегациясымен жол саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, өткізу пункттерін қайта жаңарту, екі елдің құрылыс нормаларын біріздендіру мәселелерін талқылады.

© Sputnik / Абзал КалиевРоман Скляр мен Марат Хуснуллин Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан мен Ресей вице-премьерлері жол саласындағы бірлескен жобаларды талқылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2021
Роман Скляр мен Марат Хуснуллин Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

"Тараптар жол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылап, олардың өткізу қабілеттілігін, жүк тасымалы көлемі мен әлеуметтік-экономикалық әсерін болжауға мүмкіндік беретін автомобиль жолдарының құрылысы бойынша жұмыстарды синхрондауға дайын екендіктерін білдірді", - деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ хабарламада шекаралық өткізу бекеттерін бірлесіп қайта құру жоспарлары олардың жүктемесінің ұлғаюымен және екі ел арасындағы туристік ағынның көлемін ұлғайту мүмкіндіктерімен байланысты екені аталып өткен.

© Sputnik / Абзал КалиевРоман Скляр мен Марат Хуснуллин Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан мен Ресей вице-премьерлері жол саласындағы бірлескен жобаларды талқылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2021
Роман Скляр мен Марат Хуснуллин Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

"Қабылданған шешімдер мүдделі мемлекеттік органдардың жедел және үйлестірілген жұмысына, екі мемлекет азаматтарының мүдделеріне бағытталған практикалық нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушылар өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық принциптерін ұстанатындықтарын растады және үкіметаралық байланыстардың жоғары динамикасын сақтауға келісті.

Оқи отырыңыз:

  • "Бізге үлкен ойындар қажет емес": Тоқаев ШЫҰ саммитінде маңызды мәселе көтерді 
  • Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетті
  • "Мұны қалай түсіндіруге болады": депутат Қытаймен тез арада келіссөз жүргізуді сұрады 
Жаңалықтар
0