Өңірлер

Алматы облысында арнайы жасақ жанып жатқан қонақ үйден адамдарды құтқарды – видео

Болжам бойынша өртке қысқа тұйықталу себеп болған, сараптама тағайындалды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында арнайы жасақ жанып жатқан қонақ үйден 30 адамды шығарды.  

Оқиға 27 қыркүйек сағат 03:10 шамасында болған.

Жедел әрекет ету арнайы жасағының полиция қызметкерлері Қаншеңгел ауылында іссапармен жүрген. Жергілікті қонақ үйдің өртеніп жатқанын көрген бойда бірден көмекке жүгіреді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы жасақ, алдымен, ғимаратты тоқтан ажыратқан. Содан соң баспалдақ тауып, тұрғындарды екінші қабаттың терезесі арқылы эвакуациялады.

"Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сөндіріп жатқанда, полиция қызметкерлері отқа оранған ғимараттан 30 адамды шығарды. Өртке не себеп болғанын мен білмеймін, болжам бойынша қысқа тұйықталу, бірақ бұл сұрақтың объективті жауабын өрт-техникалық сараптама ғана бере алады", - деді Алматы облысы ПД арнайы жасақ взводының командирі Медет Бұлдыбаев.

Қонақ үй қожайыны уақытылы көмек үшін тәртіп сақшыларына алғыс айтты.

Оқи отырыңыз: