Оқиға

Нұр-Сұлтанда ірі сауда үйі өртеніп жатыр – видео

Жазылу
Төрт қабатты сауда орталығының ең жоғарғы қабатында орналасқан бутиктерден өрт шыққаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Елордада "Тұлпар" сауда үйі өртенді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Таңғы сағат 07:36-да "101" пультіне Байқоңыр ауданы Уалиханов көшесінде орналасқан " Тұлпар" сауда үйінен өрт шыққаны туралы хабар түскен.

"№3 шақырту дәрежесі белгіленді. Өрт сөндіру есептері келіп жеткен кезде 4 қабатты сауда үйінің ең жоғарғы қабатында сауда бутиктері өртеніп жатқаны анықталды", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Жедел өрт сөндіру штабы құрылып, екі жауынгерлік учаскеге бөлінді.  

Қазір оқиға орнында ТЖ департаментінің 19 бірлік техникасы және жеке құрамның 71 адамы жұмыс істеп жатыр.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Жаңалықтар
0