Қоғам

Жыл басынан бері 251 адам өрттен көз жұмды

© Photo : ПС ДЧС АлматыПожар на барахолке в Алматы
Пожар на барахолке в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2021
Жазылу
Төтенше жағдайлар министрлігі дамыған елдердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибесін зерттеп, әлемдік өрт статистикасына талдау жасады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Биыл елде өрт азайғанына қарамастан, қаза болғандар саны өсті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстанда жыл басынан бері 7 515 өрт тіркелді. Салдарынан 251 адам көз жұмып, тағы 217 адам әртүрлі дәрежеде күйік шалып, уланып қалды. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өрт саны 7%-ке төмендегеніне қарамастан, қаза болғандар саны 20%-ке, жарақаттанғандар саны 18%-ке өскен", - деді Ильин үкімет отырысында.

Айтуынша, тұрғын үй секторында 4 371 өрт шықты, бұл өрт жалпы санының 58%-і.

Ең күрделі жағдай Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қалыптасып отыр. Бұл облыстарда өрт пен қаза болған адамдар саны республикадағы орташа көрсеткіштен 2-3 есе асып түседі.

Төтенше жағдайлар министрлігі дамыған елдердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибесін зерттеп, әлемдік өрт статистикасына талдау жасаған.

"Ғылыми зерттеулер өрт шыққаннан кейін адам 5-6 минуттан кейін жан тапсыратынын көрсетті. Егер Қазақстанда әрбір 36-шы өртте адам өлімі тіркелсе, АҚШ-та бұл көрсеткіш 10 есе төмен, 360 өртке бір адам келеді. Ал Ұлыбританияда 14 есе, Францияда 27 есе төмен", - деді Ильин.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0