НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық ынтымақтастығы екі ел аймақтарының арасындағы ықпалдастықты кеңінен қамтып отырғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Башқұртстан Республикасымен жан-жақты байланыстарымыз пандемияға қарамастан жаңа мазмұнмен дамып келе жатқанына тоқталды.
Кездесуде бірлескен кәсіпорындар санының артып, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, металлургия және жеңіл өнеркәсіп және тағы басқа салаларда инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтылды.
Оқи отырыңыз:
- "Керемет сенсация": Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасын құттықтады
- 100-ге келген соғыс ардагері Тоқаевқа хат жазды
- Тоқаев азық-түлік бағасын бақылауда ұстауды тапсырды