Саясат

Тоқаев Башқұртстан басшысы Радий Хабировты қабылдады

© Официальный сайт Президента Казахстана / AMANТокаев принял главу Республики Башкортостан Радия Хабирова
Токаев принял главу Республики Башкортостан Радия Хабирова - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы Башқұртстан Республикасымен жан-жақты байланыстар пандемияға қарамастан жаңа мазмұнмен дамып келе жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық ынтымақтастығы екі ел аймақтарының арасындағы ықпалдастықты кеңінен қамтып отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Башқұртстан Республикасымен жан-жақты байланыстарымыз пандемияға қарамастан жаңа мазмұнмен дамып келе жатқанына тоқталды.

Кездесуде бірлескен кәсіпорындар санының артып, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, металлургия және жеңіл өнеркәсіп және тағы басқа салаларда инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтылды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0