НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысында ер адам туған қызын 8 жасынан бастап бірнеше жыл бойы азғырып, содан кейін зорлаған, деп хабарлады "ТоболИнфо".
"Ер адам қызын 12 жасқа дейін азғырған, содан кейін оны алғаш рет зорлаған. Мұның бәрі күн сайын соңғы уақытқа дейін жалғасқан, – деп түсіндірді жәбірленушінің адвокаты. – Бұл жағдай ешқандай есепте тұрмайтын қарапайым отбасыда болды".
Адвокат зорлық көрген жәбірленушінің нақты жасын және отбасы тұратын елді мекенді атамады.
Оның айтуынша, қыз не болып жатқанын түсінбеген, өйткені ол барлық әке қыздарына осылай істейді деп ойлаған.
"Анасы мұның бәрін алдыңгүні ғана білді. Қыз жабырқап отыр" - деп түйіндеді жәбірленушінің қорғаушысы.
Полиция Қазақстан Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғау мақсатында қылмыстық істің егжей-тегжейі жария етілмейді. Қазір зардап шегушімен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Оқи отырыңыз:
- Оралда өгей қызын зорлаған педофилдің анасы кінәні келініне жапты
- Солтүстік Қазақстанда демалыс базасында бес жігіт 17 жастағы қызды зорлаған
- Оралдағы сұмдық: оқушы өгей әкесі жіберген аудио хабарламаны анасына көрсеткен