НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің Хабаровск өлкесінде жоғалған Ан-26 ұшағының бөліктері "Спартак" тау шаңғысы кешенінің маңынан табылды, деп хабарлады РИА Новости.
"Болжам бойынша "Спартак" тау шаңғысы кешенінің маңында ұшақ бөліктері анықталды. Бұлттар сейілуде. Көру мүмкіндігі жақсарып келеді. Ми-8 қонуды жоспарлап отыр, құтқарушылар қонуға ыңғайлы жер іздестіруде", - делінген хабарламада.
Түнде іздестіру жұмыстары көру нашарлығына байланысты тоқтаған болатын.
Ұшақтың құлаған жерінен түсіріліген алғашқы кадрлар Mash телеграм-каналында жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, 22 қыркүйек күні кешке Хабаровск өлкесінде алты адам мінген Ан-26 ұшағы байланысқа шықпай қойды. Кейінірек бұл ақпаратты Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі растады.
Бортта алты адам болған. Соңғы рет ұшқыштар қаладан 38 шақырым жерде белгі берген. ТЖМ Ан-26 байланыс құралдарының жұмысын тексеру үшін әуеге көтерілгенін атап өтті.
Ұшақ байланысқа шығуды тоқтатқаннан кейін оны іздеуге Росавиацияның Ми-8 тікұшағы тартылды. Министрліктің тағы бір тікұшағы ұшуға дайындалып жатыр.
Ан-26 – әскери-көлік ұшағы, екі турбобұрандалы және бір қосымша реактивті қозғалтқышпен жабдықталған.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстандықтар қай елдерге ұша алады
- Нұр-Сұлтаннан Шымкентке бағыт алған ұшақта жолаушы көз жұмды