НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан билігі 21 қыркүйектен бастап әлемнің 16 еліне рейстер санын ұлғайтуға, жаңдандыруға және ашуға рұқсат етті, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Рейстер саны мына елдерге ұлғайтылды:
- Ресей – аптасына 54 рейске;
- Түркия – 7 рейске;
- БАӘ – 9 рейске;
- Өзбекстан – 5 рейске;
- Германия – 5 рейске;
- Мальдив – 3 рейске;
- Корея – 6 рейске;
- Польша – 2 рейске;
- Венгрия – 1 рейске;
- Сауд Арабиясы - 1 рейске.
Сондай-ақ Чехиямен (аптасына 2 рет), Қытаймен (аптасына 8 рейс), Әзірбайжанмен (аптасына 3 рейс) тұрақты рейстер жанданды.
Бұдан бөлек, Италиямен аптасына 2 рет, Шри-Ланкамен аптасына 3 рет, Кувейтпен аптасына 3 рет тұрақты рейстер ашылады.
"Қазіргі уақытта әуе компаниялары ұшу кестесін құрып жатыр. Рейстерді орындау осы елдердің тиісті уәкілетті органдарымен келісіледі", - делінген хабарламада.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Оқи отырыңыз: