Әлем

Хабаровск өлкесінде жоғалған ұшақтың бөліктері табылды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуСамолет Ан-26Б-100
Самолет Ан-26Б-100 - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2021
Жазылу
Түнде іздестіру жұмыстары көру нашарлығына байланысты тоқтаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің Хабаровск өлкесінде жоғалған Ан-26 ұшағының бөліктері "Спартак" тау шаңғысы кешенінің маңынан табылды, деп хабарлады РИА Новости. 

"Болжам бойынша "Спартак" тау шаңғысы кешенінің маңында ұшақ бөліктері анықталды. Бұлттар сейілуде. Көру мүмкіндігі жақсарып келеді. Ми-8 қонуды жоспарлап отыр, құтқарушылар қонуға ыңғайлы жер іздестіруде", - делінген хабарламада. 

Түнде іздестіру жұмыстары көру нашарлығына байланысты тоқтаған болатын. 

Ұшақтың құлаған жерінен түсіріліген алғашқы кадрлар Mash телеграм-каналында жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қыркүйек күні кешке Хабаровск өлкесінде алты адам мінген Ан-26 ұшағы байланысқа шықпай қойды. Кейінірек бұл ақпаратты Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі растады.

Бортта алты адам болған. Соңғы рет ұшқыштар қаладан 38 шақырым жерде белгі берген. ТЖМ Ан-26 байланыс құралдарының жұмысын тексеру үшін әуеге көтерілгенін атап өтті.

Ұшақ байланысқа шығуды тоқтатқаннан кейін оны іздеуге Росавиацияның Ми-8 тікұшағы тартылды. Министрліктің тағы бір тікұшағы ұшуға дайындалып жатыр.

Ан-26 – әскери-көлік ұшағы, екі турбобұрандалы және бір қосымша реактивті қозғалтқышпен жабдықталған.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0