Әлем

Хабаровск өлкесінде ұшақ радардан жоғалып кетті

Ан-26 ұшағының бортында алты адам болған. Ұшақ әуеге байланыс құралдарын тексеру үшін көтерілген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Хабаровск өлкесінде алты адам мінген Ан-26 ұшағы байланысқа шықпай қойды, деп хабарлады РИА Новости-ге өңірдің шұғыл қызметтері. Кейінірек бұл ақпаратты Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі растады.

Бортта алты адам болған. Соңғы рет ұшқыштар қаладан 38 шақырым жерде белгі берген. ТЖМ Ан-26 байланыс құралдарының жұмысын тексеру үшін әуеге көтерілгенін атап өтті.

Ұшақ байланысқа шығуды тоқтатқаннан кейін оны іздеуге Росавиацияның Ми-8 тікұшағы тартылды. Министрліктің тағы бір тікұшағы ұшуға дайындалып жатыр.

Ан-26 – әскери-көлік ұшағы, екі турбобұрандалы және бір қосымша реактивті қозғалтқышпен жабдықталған.

Оқи отырыңыз: