Әлем

Ресейде ұшақ апаты болды: қайтыс болғандар бар - видео

© МЧС РФИркутск облысындағы ұшақ апаты
Иркутск облысындағы ұшақ апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2021
Жазылу
Бортында 16 адамы бар ұшақ діттеген жеріне төрт шақырым жетпей қонған

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. "Сила" әуе компаниясының жеңіл L-410 ұшағы Иркутск облысының орманында апатты жағдайда қонды. 

Ұшақ діттеген жеріне төрт шақырым жетпей қонған, деп хабарлады РИА Новости.

Ұшақ бортында 16 адам болды. 

"Мен ұшақ салонындағы жолаушылардың бірімен хабарластым. Ұшақтың корпусы майысқан. Ішінде адамдар қысылып қалды", - деді Иркутск облысының губернаторы Игорь Кобзев. 

Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қайтыс болды - біреу экипаж мүшесі мен үш жолаушы. 

Зардап шеккендер Казачинское кентінің ауруханасына жеткізілді. Оның үшеуінің жағдайы ауыр. Жуық арада олар санавиациямен Иркутск қаласына жеткізіледі. 

Құтқарушылар ұшақта қысылып қалған адамдарды шығарумен айналысуда.

Билік зардап шеккендердің отбасына миллион рубльден төленетінін айтты. Ауыр жарақат алғандар - 500 мың , жағдайы орташа жандар 250 мың, жеңіл жарақат алғандар 100 мың рубль көлемінде өтемақы алады.

15 қыркүйекте Иркутск облысында қаралы күн.

Тергеу комитеті қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

L410 — екі моторлы жеңіл ұшақ. Ол 1973 жылдан бері қолданылып келеді. 

Оқи отырыңыз: Алматы маңындағы апат: қаза тапқан ұшқыштың отбасына 4 млн теңге төленеді

 

 

Жаңалықтар
0