Оқиға

Kazakhmys ғимаратында өрттің неден шыққаны белгілі болды

21 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы Kazakhmys ғимаратының жоғарғы қабатында өрт шыққан болатын  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет басқармасы комитетінің басшысы Ерлан Тұрегелдиев Нұр-Сұлтандағы Kazakhmys ғимаратында шыққан өрттің себебін атады. 

"Өрт фактісінің материалдарын зерттеу кезінде оның шығуына отпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті сақтамау себеп болды деп болжанып отыр. Яғни битумды мембаранын газбен жанатын құрылғы арқылы балқыту кезінде өртке қарсы қауіпсіздік шаралары сақталмады", - деді Тұрегелдиев брифинг барысында. 

Оның айтуынша, қазір ғимаратта өрттің шығуы бойынша фактілер полицияға жолданды. Келтірілген залалдың соммасы есептеліп жатыр. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, 21 қыркүйекте Kazakhmys ғимаратының жоғарғы қабатында өрт шықты

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 18.33-те келген. 

Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында орын алған өрт орнына 44 өрт сөндіруші мен 11 техникасы аттанды. Алдын ала ақпарат бойынша ғимараттың шатыры және қаптауы жанды. Шақырту орнына өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін дереу жетті.

Елорданың өрт сөндірушілерінің күшімен өрт 19.10-да сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, өрттің аумағы шамамен 60 шаршы метрді құрайды.

Оқи отырыңыз: