НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің ресми сайты.
Кездесуде тараптар пандемия жағдайындағы әлем экономикасының одан әрі даму перспективасына қатысты пікір алысты.
Елбасы әлемде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы жаңа дағдарысқа әкеп соғуы мүмкін екенін айтты.
"Бүгінде пандемия салдарынан күрделі кезең қалыптасып отыр. Осылай жалғаса берсе, жаңа дағдарыстар туындауы ықтимал. Қазірдің өзінде қарыз дағдарысы пайда болды, инфляция дағдарысы белең алып, энергия ресурстары арзандайды деген болжам бар", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Әңгіме барысында тараптар өңірдегі экономикалық жағдайдың даму болжамдарын, сондай-ақ сын-қатерлердің алдын алу шараларын әзірлеу мәселелерін талқылады.
Оқи отырыңыз:
- Әскери бөлімдегі төтенше жағдай: Назарбаев қорғаныс министрімен сөйлесті
- "Халықтың проблемасын білуіміз керек": Назарбаев саяси кеңестің отырысын өткізеді
Назарбаев Әлиев пен Әблязов туралы ойын ашық айтты