Қоғам

Әскери бөлімдегі төтенше жағдай: Назарбаев қорғаныс министрімен сөйлесті

© Sputnik / Фотохост-агентство / Медиабанкке өтуЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев жарылыс салдарынан қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев әскери бөлімдегі төтенше жағдайдан кейін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Назарбаевқа өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдай салдарын жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды elbasy.kz.

Назарбаев жарылыс салдарынан қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Елбасы ТЖ салдарын жою және барлық жапа шеккен адамға көмек көрсету жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Тараз түбіндегі жарылыс

26 тамыз кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, артынша жарылысқа ұласты. Анықталғандай, қоймада инженерлік оқ-дәрі сақталған.

Жақын маңдағы елді мекен тұрғындары Тараз қаласына эвакуацияланды. 

Тағы оқыңыз: Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс: қаза болғандардың саны бес адамға жетті

Өкінішке қарай, әскери бөлімдегі төтенше жағдайдан бес әскери қызметші қаза болды. Жоғалып кеткендер де бар.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қойма әдейі өртелуі де мүмкін екенін мәлімдеді.

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодекстің 462-бабы (Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде жалған ақпараттардың таратылуына байланысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша да тергеу басталды.

Жаңалықтар
0