Оқиға

Ақтөбеде жол апатынан сәби көз жұмды

Қылмыстық кодекстің "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр
Sputnik

АЛМАТЫ, 20 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде Нокин даңғылында болған жол апатынан сәби көз жұмды, 23 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 19 қыркүйекте болған.

"Лада Приора" көлігінің жүргізушісі тура бағытта келе жатқан көлікке жол бермей Daimler Chrysler автокөлігімен соқтығысқан. Содан кейін "Лада Приора" автокөлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, ГАЗель-мен соқтығысқан. Соққыдан қозғалыс бағытын өзгертіп, Ваз 2115 автокөлігіне соғылды.

Апат салдарынан "Лада приора" автокөлігінің ішінде болған 2021 жылы туған сәби Ақтөбе қаласындағы орталық балалар ауруханасына жатқызылды, есін жимастан қайтыс болды.

Екінші жолаушы 23 жастағы әйел Ақтөбе қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі ("Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетері, жыл басынан бері облыс жолдарында 384 жол-көлік оқиғасы болды. 70 адам көз жұмды 508 адам жарақат алды.

Оқи отырыңыз: