Өңірлер

Алматыда бір айлық сәби коронавирустан көз жұмды

CC0 / / Взрослый держит за руку ребенка, иллюстративное фото
Взрослый держит за руку ребенка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 118 адам қайтыс болды

АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Алматыда бір айлық сәби коронавирустан көз жұмды. Бұл туралы брифинг кезінде қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстанда, оның ішінде Алматыда да коронавирус жұқтырған балалар саны артып келеді. Қазір бізде 195 бала стационарда жатыр. Үйде 2 540 бала емделуде. 2-3 ай бұрын көктем кезінде науқастар саны күрт артқан уақытта да стационардағы бала саны 30-40-тан аспаған еді. Бір апта бұрын 245 бала стационарда жатты", - деді басқарма басшысы.

Ол сондай-ақ бір сәби коронавирустың "дельта" штамын жұқтырып қайтыс болғанын айтты.

"Бір айлық нәрестенің коронавирус инфекциясының "дельта" штамынан қайтыс болғаны расталды. Бұл жағдай бір ай бұрын болды", - деді Нариман Табынбаев.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 118 адам қайтыс болды.

Пандемия басталғалы 701 345 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, ішінде 7 751 адам қайтыс болды. Коронавирустық пневмония 65 818 адамда тіркелді, 4 092 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0