Оқиға

Павлодар облысында сәби су құйылған ыдысқа құлап, тұншығып өлді

CC0 / Myshanah / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2021
Жазылу
Бір жасар бала үйде ата-анасының қарауынсыз қалған

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Ауылдардың бірінде бір жасар бала үйде су құйылған ыдысқа құлап, тұншығып қалды, деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 1 тамыз кешкі алты шамасында Ақсу ауылдық аймағының Пограничник кентінде болды.

"Үйде ата-анасының қарауынсыз қалған 2020 жылғы ұл су құйылған он литрлік ыдысқа құлап, тұнғышып өлді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда төрт жасар бала бесінші қабаттан көліктің үстіне құлап түсті

Полиция ата-аналардан балаларды аз уақытқа болса да көзден таса етпеуді сұрады.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, дәл сол күні Усолка өзенінен шомылу кезінде батып кеткен 22 жастағы жігіттің денесі табылды. Оны көрген куәгерлер бар.

Жаңалықтар
0