Денсаулық

Індет тағы қанша қазақстандықтың өмірін қиды

Індетке шалдыққандар арасында мыңнан аса адамның жағдайы ауыр, деп хабарлады министрлік
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Бір тәулікте коронавирустан 74 қазақстандық көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, коронавирустан 59, пневмониядан 15 адам көз жұмған. 

18 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 70 984 адам коронавирус инфекциясынан (67 432 коронавирустан және 8 552 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 13 087 пациент стационарда, 57 897 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандардың арасында:

  • 1 041 адамның жағдайы ауыр,
  • 276 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 189 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Алматының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

"СК-Фармация" ісі: сот Берік Шәріпті ақтау үкімінің күшін жойды

Вакцина алғандар арасында COVID-19 жұқтырғандар қанша