НҰР -СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды.
Қаулыға сәйкес, "қызыл" аймақта демалыс күндері Ashyq объектілеріне 00:00-ге дейін, ал егер қызметкерлер мен келушілерде "жасыл" мәртебе болған жағдайда (вакциналау, теріс нәтиже көрсеткен ПТР тестін іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайды, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) Ashyq лидерлеріне 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Жұмыс күндері Ashyq объектілеріне 00.00-ге дейін, Ashyq лидерлеріне 02.00-ге дейін жұмыс істеуге болады.
Құжатта Ashyq лидерлеріне қарастырылған жеңілдіктер де жазылған – оларға "қызыл" аймақта "сары" талаптарымен жұмыс істеуге рұқсат етілген. Қызметкерлердің 90% вакциналанған жағдайда (медициналық қарсы көрсетілімі бар және ауырып жазылғандарды қоспағанда) объектіге келушілер санын 20% -ке арттыруға мүмкіндік бар.
Вакциналауды тексеру рейдтері 2020 жылдың 7 желтоқсанындағы Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамасымен бекітілген тәртіпке сәйкес жүргізіледі (2021 жылы 7 қыркүйекте өзгерістер енгізілген).
Сондай-ақ қоғамдық көлік салонында дыбыстық хабарлау шаралары ұйымдастырылады:
- бетпердесіз жолаушылардың қоғамдық көлікке кіруіне тыйым салынғаны туралы;
- масканы міндетті түрде және дұрыс кию туралы;
- маска режимін сақтамағаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы;
- мониторингтік топтар тұрақты рейдтер өткізетіні туралы.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.