Қоғам

Алматының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

© Sputnik / Тимур БатыршинОтреставрированный фонтан "Неделька" в Алматы
Отреставрированный фонтан Неделька в Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Жазылу
Құжатқа сәйкес, "қызыл" аймақта Ashyq нысандарына 00:00-ге дейін, ал "жасыл" мәртебесі бар лидерлерге 02:00 -ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген

НҰР -СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды.

Қаулыға сәйкес, "қызыл" аймақта демалыс күндері Ashyq объектілеріне 00:00-ге дейін, ал егер қызметкерлер мен келушілерде "жасыл" мәртебе болған жағдайда (вакциналау, теріс нәтиже көрсеткен ПТР тестін іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайды, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) Ashyq лидерлеріне 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Жұмыс күндері Ashyq объектілеріне 00.00-ге дейін, Ashyq лидерлеріне 02.00-ге дейін жұмыс істеуге болады.   

Құжатта Ashyq лидерлеріне қарастырылған жеңілдіктер де жазылған – оларға "қызыл" аймақта "сары" талаптарымен жұмыс істеуге рұқсат етілген. Қызметкерлердің 90% вакциналанған жағдайда (медициналық қарсы көрсетілімі бар және ауырып жазылғандарды қоспағанда) объектіге келушілер санын 20% -ке арттыруға мүмкіндік бар.

Вакциналауды тексеру рейдтері 2020 жылдың 7 желтоқсанындағы Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамасымен бекітілген тәртіпке сәйкес жүргізіледі (2021 жылы 7 қыркүйекте өзгерістер енгізілген).

Сондай-ақ қоғамдық көлік салонында дыбыстық хабарлау шаралары ұйымдастырылады:

  • бетпердесіз жолаушылардың қоғамдық көлікке кіруіне тыйым салынғаны туралы;
  • масканы міндетті түрде және дұрыс кию туралы;
  • маска режимін сақтамағаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы;
  • мониторингтік топтар тұрақты рейдтер өткізетіні туралы.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.  

Жаңалықтар
0