НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Бір тәулікте коронавирустан 74 қазақстандық көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Министрлік мәліметіне сүйенсек, коронавирустан 59, пневмониядан 15 адам көз жұмған.
18 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 70 984 адам коронавирус инфекциясынан (67 432 коронавирустан және 8 552 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 13 087 пациент стационарда, 57 897 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында:
- 1 041 адамның жағдайы ауыр,
- 276 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 189 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Оқи отырыңыз: