НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев құрылысы жүріп жатқан екі метро станциясының атауын өзгеру туралы ұсыныс айтылғанан хабарлады.
Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Қала күні қарсаңында мәслихатқа қоғамда талқыланып жатқан мәселелерді шешуді ұсындым. Бұл Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі стансаның атауын өзгертуге қатысты. "Достық" стансасына Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылады. Болашақта "Западный" автовокзалы аталуы тиіс стансаға "Қарасай" атауы ұсынылмақ", - деп жазды әкім.
Бұған дейін қала әкімі жыл соңына дейін қалада екі метро бекеті іске қосылатынын хабарлады.
"Ұзындығы 3,1 шақырым метро желісін қамтитын "Сарыарқа" және "Достық" бекеттерінің құрылысы жалғасып жатыр. 80%-і дайын тұр. Жыл соңына дейін трафикті тест режимінде іске қосу жоспарланып отыр", - деді Бақытжан Сағынтаев брифингте.
3,1 шақырым метро желісі Абай даңғылы бойымен Алтынсарин даңғылынан батысқа қарай Момышұлы көшесіне өтеді.
Сонымен қатар Алатының негізгі көшелерінің бірі - Төле биде ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Әкімдік ақпаратына сәйкес, Төле би көшесінде Байтұрсыновтан Яссауи көшесіне дейін ұзындығы 8,5 шақырым жол жөнделіп жатыр.
Сондай-ақ көше бойына қоғамдық көлік үшін арнайы жолақ пайда болады. Жол қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін жерлерде жалпыға арналған тұрақ қарастырылған.
Оқи отырыңыз: