Қоғам

Алматылықтар ереуілге шықты – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинМетрополитен в Алматы
Метрополитен в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Жазылу
Метро құрылысын тоқтатып тастаған жұмысшылар айлықтары небәрі 51 мың 663 теңге екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Алматыда азық-түлік дүкендеріне дейін қарызға батқан метро құрылысшылары жалақысының көтерілуін талап етіп ереуілге шықты шықты, деп хабарлады "КТК" телеарнасы. Айтуларынша, жер астында ерінбей еткен еңбегіне алатын айлықтары небәрі 51 мың 663 теңге.

15 жылдан бері басшылары жалақысын 15 теңгеге де көтермеді дейді олар. 51 мың теңге айлықпен отбасын асыраған құрылысшылардың соңғы мәрте қашан ет жегені еснде жоқ. Метро құрылысын тоқтатып тастаған жұмысшылардың жанайқайы: Алматылықтардың жер астымен жүйіткіп жүргені осы жігіттердің еңбегі.

"Жұрт бізді 200-дің үсті, көп алады деп ойлайды. Егер сенбейтін болсаңыздар, есеп парақшасын көрсетуге болады. Соңғы қымбатшылықты білесіз, қандай болып жатқанын, ол ештеңеге де жетпейді. Тіпті оны айтып жатудың еш қажеттігі жоқ", - деді "Алматыметроқұрылыс" АҚ жер асты үнгушісі Пахрдин Мұсалиев.

Журналистерге жалақы түбіртегін көрсеткен құрылысшылар бет-жүзін төмен қаратты. Сөйтсек, "Алматыметроқұрылыс" компаниясының ең ауыр жұмысын атқаратын азаматтардың айлығы бар-жоғы 76 635 теңге.

Зейнетақы мен медициналық сақтандыру қоры, тағы кәсіподақ жарнасын төлегенде, қолға тиетіні небәрі 51 663 теңге. Метро басшылығы айлықтарын 15 жылдан бері 15 теңгеге де көбейтпепті. Елдегі ең ірі мегаполистің метросын салған мамандар азық-түлікті қарызға алып, ал етті тек түсінде көреді екен. 

Тоннельдегі құрылысшылардан гөрі, түрмедегі қылмыскерлердің жағдайы әлдеқайда жақсы ма дерсің. Жер астында күні бойы жер қазатын 100-ге  тарта жұмысшы қуықтай ғана бөлмеде жуынады. Төрт адамға арналған тар моншада түн ортасына дейін ұзын-сонар кезек. Оның өзі қабырғасын көк басып, төбесі құлағалы тұр.

Оқи отырыңыз: Наразылық білдіргендер жұмыстан қуылады: Ақтөбеде автобус жүргізушілері ереуілге шықты

Жұмысшылардың киім ауыстыратын бөлмесі. Бөлме деп айту қиын. Вагон. Мұнда 200-ге тарта темір шкаф бар. Бірақ жұмысшылар мұнда тек киім ғана ауыстырмайды, осында жуынады, тамақ ішеді.

Тазалықтан жұрдай жерде тышқан қаптаған. Көгерген иіспен тыныстап, шаң жұтқан құрылысшылардың біразы денсаулығынан айырылып, ендігі мүгедек атанған. Алайда жер астында жүріп тапқан дертті емдеуге компания көк тиын де төлемейді екен. Жұмысшылардың жағдайына басы ауырмаған басшылар басы ауырғанын сылтауратын сұхбат беруден қашты. 

Елді тиыннан тарықтырған алпауыт компанияға осылайша ешкімнің тісі өтпей тұр. Десе де жұмысшылары бұдан былай 51 мың теңге айлыққа төзбейді. Олар метро құрылысын тоқтатып, үйді-үйіне тарасты.

Жаңалықтар
0