Өңірлер

Қосымша жолақ, тротуар: Алматының негізгі көшесі қалай өзгереді

© Sputnik / Тимур БатыршинКешкі Алматы
Кешкі Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Жазылу
Мегаполисте жыл соңына дейін тағы екі метро бекетін іске қосу да жоспарланған

АЛМАТЫ, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласының әкімдігі Төле би көшесіндегі жөндеу жұмыстарының нәтижесі қандай болатынын хабарлады.

Әкімдік ақпаратына сәйкес, Төле би көшесінде Байтұрсыновтан Яссауи көшесіне дейін ұзындығы 8,5 шақырым жол жөнделіп жатыр.

"Тротуар жаңарып, жиектер мен арық науалары ішінара ауыстырылды. Байтұрсынов көшесінен Әуезов көшесіне дейін тар жолдарда трамвай рельстері сүрілуде. Осылайша, жөнделіп жатқан жолдың бойында жүрe бөлігінің ені бірдей болады", - деп хабарлады әкімдік.

Сондай-ақ көше бойына қоғамдық көлік үшін арнайы жолақ пайда болады. Жол қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін жерлерде жалпыға арналған тұрақ ұйымдастырылған.

© Photo : Алматы қаласы әкімдігіҚала әкімі Бақытжан Сағынтаев жөндеу жұмыстарымен танысып қайтты
Қосымша жолақ, тротуар: Алматының негізгі көшесі қалай өзгереді - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жөндеу жұмыстарымен танысып қайтты

Қазір Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін және Момышұлы көшесінен Яссауи көшесіне дейінгі учаскелерге асфальт төсеу аяқталды.

Жөндеу жұмыстарымен қала әкімі Бақытжан Сағынтаев танысып қайтты. Қала әкімі Момышұлы көшесінен Алатау көшесіне дейінгі жаңа метро станцияларының құрылысы мен Абай даңғылындағы жұмыс барысын тексерді.

© Photo : Алматы қаласының әкімдігіТөле би көшесінің бойында серуендеу аймағының құрылысы аяқталып жатыр
Қосымша жолақ, тротуар: Алматының негізгі көшесі қалай өзгереді - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Төле би көшесінің бойында серуендеу аймағының құрылысы аяқталып жатыр

"Жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болу үшін Төле би көшесінің бойында Яссауи көшесінен Момышұлы көшесіне дейін серуендеу аймағының құрылысы аяқталып жатыр. "Бюджетке қатысу" аясында жүзеге асырылатын жобасы бойынша жөндеу, учаскеге асфальт төсеу, орындықтар қою, жәшіктер орнату, жарықтандыру бағаналары қарастырылған", - делінген ақпаратта.

Айта кетері, бұған дейін қала әкімі жыл соңына дейін қалада екі метро бекеті іске қосылатынын хабарлады.

"Ұзындығы 3,1 шақырым метро желісін қамтитын "Сарыарқа" және "Достық" бекеттерінің құрылысы жалғасып жатыр. 80%-і дайын тұр. Жыл соңына дейін трафикті тест режимінде іске қосу жоспарланып отыр", - деді Бақытжан Сағынтаев маусымда өткен брифингте.

3,1 шақырым метро желісі Абай даңғылы бойымен Алтынсарин даңғылынан батысқа қарай Момышұлы көшесіне өтеді.

Жаңалықтар
0