Өңірлер

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Ведомство жәбірленушілерді қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаментіне жүгінуді сұрады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда "Антарес" қаржы пирамидасы әрекетінің жолы кесілді. Қаржы мониторингі агенттігі қазір жәбірленушілер мен келтірілген шығын сомасы анықталып жатқанын хабарлады.

"Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке тартқан. Бірақ шын мәнісінде қаржыны қайта бөлу жолымен табыс тауып, басқа салымшылардың жарнасы есебінен байып отырған", - делінген хабарламада.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Агенттік келтірілген шығын мен барлық жәбірленушіні анықтау үшін осы пирамидаға ақша салған азаматтардан мына мекенжай бойынша агенттіктің аумақтық департаментіне хабарласуды сұрады: : Нұр-Сұлтан, Желтоқсан көшесі, 43, телефон +7 7172 76 79 33.

Еске салсақ, Қазақстанда қаржы пирамидаларының қызметін жүзеге асырғаны және жарнамалағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Оқи отырыңыз: