Экономика

Екі мыңнан астам адам алданған: Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

© Sputnik / Абзал КалиевМонеты, Финансовая пирамида
Монеты, Финансовая пирамида - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2021
Жазылу
Келтірілген шығын 450 миллион теңгеден асқан. Алаяқтық схеманың  ұйымдастырушы 2 айға қамауға алынды

АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Ақмола облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің жергілікті департаменті LV Force қаржы пирамидасының заңсыз жұмысын тоқтатты. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде Шымкент, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында LV Force қаржы пирамидасының бөлімшелері жойылды. Қаржы пирамидасына 2 000-нан астам азамат тартылған", - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Келтірілген шығын 450 миллион теңгеден асқан. Қазір алаяқтық схеманың басты ұйымдастырушысы 2 айға қамауға алынды.

Соған байланысты қаржы мониторингі агенттігі азаматтарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 150-бабы ("қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметiн жарнамалау") және Қылмыстық кодекстің 217-бабына ("қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету") сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Оқи отырыңыз: Алагөзова жарнамалаған қаржы пирамидасының тағы бір басшысы құрықталды 

Бұған дейін Алматыда World Business Consulting қаржы пирамидасын құрған бірнеше адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға World trend Strategies, Confidence World Group, HUBB international, Riviera imperial, Asteco және басқа үлестес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаржы құюды ұсынған.

Бұл компаниялар заңды қызметтен емес, жаңа салымшылардың қаражаты есебінен сыйақы алуға кепілдік берген.

Жаңалықтар
0