Қоғам

WhatsApp арқылы елді алдаған қызылордалықтар 5 жылға сотталып кетті

© Sputnik / Абзал КалиевФинансовая пирамида, иллюстративное фото
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2021
Жазылу
Алаяқтар WhatsApp мессенджерінде "Befree" тобын ашып, оған біраз адамды кіргізген. Одан кейін бәріне екі аптаның ішінде 50 проценттік пайда табуға болатынын хабарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Қызылордада Befree қаржы пирамидасы арқылы халықты алдаған алаяқтар сотталды, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Монеты, Финансовая пирамида - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Қоғам
Алагөзова жарнамалаған қаржы пирамидасының тағы бір басшысы құрықталды
Тергеу материалдарына сәйкес, заңға қайшы әрекеттер 2019 жылдың қазан айында басталған. Сол кезде белгісіз біреулер WhatsApp мессенджерінде "Befree" тобын ашып, оған біраз адамды кіргізген. Одан кейін бәріне екі аптаның ішінде 50 проценттік пайда табуға болатынын хабарлаған. Топқа 296 адам салымшы ретінде тіркелді. Ал 21 жәбірленушінің материалдық шығыны 22 миллион теңгеден асып кетті.

"Жедел іздестіру шаралары барысында Қызылорда қаласының тұрғыны және осы іске қатысы бар екі сыбайлас әйел анықталды. Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (Аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету) сотқа дейінгі тергеу іс-шаралары атқарылды", - дейді полицейлер.

Қызылорда қалалық сотының шешімімен айып тағылғандардың әрқайсы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтар
0