НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұмауға қарсы екпе алды. Бұл туралы министр өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Дәстүрлі түрде жыл сайын тұмауға қарсы екпе аламын. Өткен жылы екпеден кейін тұмаумен ауырған жоқпын. Бүгін Қазақстанда тұмауға қарсы жыл сайынғы екпе егу шарасы басталды. Барлығыңызға денсаулық тілеймін!", - деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 15 қыркүйекте тұмауға қарсы вакцина егу науқаны басталады. Тұрғындарға өзі тіркелген емханаларда ресейлік "Гриппол+" препараты егіледі.
Иммундау науқаны 15 қарашаға дейін созылады.
Бұл мақсатқа 2,5 миллион доза вакцина сатып алынды.
Оқи отырыңыз: Министрлік тұмауға қарсы вакцинаға қатысты ресми ақпарат таратты