Денсаулық

Министрлік тұмауға қарсы вакцинаға қатысты ресми ақпарат таратты

© AFP 2024 / DAMIEN MEYERШприц с вакциной от гриппа
Шприц с вакциной от гриппа  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Жазылу
Вакцина балаларға, медицина қызметкерлеріне, диспансерлік тіркеуде тұрған адамдарға, жетімдерге және тағы басқа осал топқа кіретін азаматтарға тегін егіледі

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. 15 қыркүйекте тұмауға қарсы вакцина егу шаралары басталады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл бюджет қаржысына "Гриппол+" вакцинасының 2,5 миллион дозасы сатып алынды. Өндіруші – Ресей Федерациясы. Вакциананың алдағы маусым болатын штамдарға қарсы күші бар. Барлық халықтың 13 проценті қамтылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықтың 10 процентін қамтуға кеңес беріп отыр. Тұмауға қарсы вакциналау 15 қыркүйекте басталады", - деді Шоранов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Вице-министр айтуынша, тұмауға қарсы вакцина балаларға, медицина қызметкерлеріне, диспансерлік тіркеуде тұрған адамдарға, жетімдерге және тағы басқа осал топқа кіретін азаматтарға тегін егіледі.

"Сондай-ақ, жұмыс беруші есебінен тұмауға қарсы вакцина егу шаралары жүргізіледі. Адамдар өз ақшасына сатып алса да болады. Жергілікті жерде жекеменшік екпе салу пунктері бар. Сондай-ақ, емханадағы екпе егу кабинеттеріне баруға болады", - деп атап көрсетті Шоранов.

Оның сөзінше, Қазақстанда тұмауға қарсы "Гриппол+" вакцинасынан бөлек тағы бірнеше екпе тіркеуге алынған. Соның ішінде "Ваксигрипп Тетра", пен "Инфлювак" бар.

Жаңалықтар
0