Денсаулық

Алексей Цой тұмауға қарсы екпе алды

© Photo : Facebook / Alexey TsoyАлексей Цой тұмауға қарсы екпе алды
Алексей Цой тұмауға қарсы екпе алды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Жазылу
Өткен жылы екпеден кейін тұмаумен ауырған жоқпын, дейді министр

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұмауға қарсы екпе алды. Бұл туралы министр өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Дәстүрлі түрде жыл сайын тұмауға қарсы екпе аламын. Өткен жылы екпеден кейін тұмаумен ауырған жоқпын. Бүгін Қазақстанда тұмауға қарсы жыл сайынғы екпе егу шарасы басталды. Барлығыңызға денсаулық тілеймін!", - деп жазды ол.
© Photo : Facebook / Alexey TsoyДенсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұмауға қарсы екпе салдырды
Алексей Цой тұмауға қарсы екпе алды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұмауға қарсы екпе салдырды

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 15 қыркүйекте тұмауға қарсы вакцина егу науқаны басталады. Тұрғындарға өзі тіркелген емханаларда ресейлік "Гриппол+" препараты егіледі.

Иммундау науқаны 15 қарашаға дейін созылады. 

Бұл мақсатқа 2,5 миллион доза вакцина сатып алынды.

Оқи отырыңыз: Министрлік тұмауға қарсы вакцинаға қатысты ресми ақпарат таратты

 

 

Жаңалықтар
0