АЛМАТЫ, 8 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қызметтік ит оқушылар сарайының жанындағы балалар алаңында жоғалған баланы тапты, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сағат 21.10-да балалар алаңқайының жанында ит ұстап тұрған полиция қызметкеріне әйел келіп, баласының жоғалғанын хабарлаған. Айтуынша, ол 20 минут бойы баласын өз бетінше табуға тырысқан. Нәтиже болмаған соң полицияға жүгінген.
Анасының қолында баланың ойыншығы болған. Соны иіскеу арқылы Феликс баланың қайда екенін анықтады. Араға 10 минут салып ит сол жерден 300 метр қашықтықтағы баланы тапты.
Нұр-Сұлтанда жоғалған баланы ит тауып алды
© Photo : департамент полиции города Нур-Султана
Полиция ақпаратына сәйкес, бұл қызметіне жақында кіріскен екі жасар Феликстің дебюті.
Оқи отырыңыз: Итті азаптағандардың видеосы қазақстандықтардың ашуына тиді