Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда жоғалған баланы ит тауып алды

© Sputnik / Тимур Батыршинкинолог пен ит
кинолог пен ит  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Жазылу
Бұл қызметіне жақында кіріскен екі жасар Феликстің дебюті

АЛМАТЫ, 8 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қызметтік ит оқушылар сарайының жанындағы балалар алаңында жоғалған баланы тапты, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сағат 21.10-да балалар алаңқайының жанында ит ұстап тұрған полиция қызметкеріне әйел келіп, баласының жоғалғанын хабарлаған. Айтуынша, ол 20 минут бойы баласын өз бетінше табуға тырысқан. Нәтиже болмаған соң полицияға жүгінген.

Анасының қолында баланың ойыншығы болған. Соны иіскеу арқылы Феликс баланың қайда екенін анықтады. Араға 10 минут салып ит сол жерден 300 метр қашықтықтағы баланы тапты.

© Photo : департамент полиции города Нур-СултанаКинолог, қызметтік ит пен баласын тапқан ана
Нұр-Сұлтанда жоғалған баланы ит тауып алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Кинолог, қызметтік ит пен баласын тапқан ана

Полиция ақпаратына сәйкес, бұл қызметіне жақында кіріскен екі жасар Феликстің дебюті.

Оқи отырыңыз: Итті азаптағандардың видеосы қазақстандықтардың ашуына тиді

 

Жаңалықтар
0