Өңірлер

Әскери қоймадағы жарылыс: қаза болған прокурордың отбасына марапат табысталды

Мемлекет басшысы қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған Арман Қапезовты I дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттаған болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында жарылыстан қаза тапқан әскери прокурор Арман Қапезовтың отбасына I дәрежелі "Айбын"ордені табысталды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Әскери қоймадағы жарылыс: қаза болған прокурордың отбасына марапат табысталды

Іс-шараға оның анасы - Ділда Қапезова, жұбайы - Әсемгүл Қапезова, балалары, жақын туыстары, сондай-ақ прокуратура органдарының ұжымы қатысты.

Мемлекет басшысы қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған Арман Қапезовты I дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттаған болатын.

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов орденді батыр ұлды дүниеге әкеліп, тәрбиелеген анасына табыстады. Және нағыз офицерді лайықты тәрбиелегені үшін алғыс білдірді.

"Арман Қапезов прокуратура жүйесінде 24 жыл жұмыс істеп, жауапкершілігі мол және білікті басшы болды, өзінің әскери борышын соңына дейін абыроймен орындады", - деп атап өтті ол.

Ол марқұмның туыстарына арнаған сөзінде прокуратура органдары оның отбасын қолдауға қажетті барлық шараларды қабылдайтынын жеткізді.

Арман Қапезовтің ерлік істері болашақ ұрпақ үшін, ең алдымен, прокуратураның жас қызметкерлері үшін әрдайым үлгі болатынын ерекше атап өтті.

Қапезовтер жанұясы жақындарын жоғары наградамен марапаттағаны үшін Президентке ризашылық білдірді.

Оқи отырыңыз: Отставкаға кеткен экс-министр Ермекбаев кешірім сұрады