Өңірлер

Әскери қоймадағы жарылыс: қаза болған прокурордың отбасына марапат табысталды

© Photo : Пресс-служба Генеральной прокуратуры КазахстанаҚаза болған прокурордың отбасына марапат тапсырылды
Қаза болған прокурордың отбасына марапат тапсырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған Арман Қапезовты I дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында жарылыстан қаза тапқан әскери прокурор Арман Қапезовтың отбасына I дәрежелі "Айбын"ордені табысталды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

© Photo : Пресс-служба Генеральной прокуратуры Казахстана Ғизат Нұрдәулетов орденді қаза болған прокурордың анасы Ділда Қапезоваға табыстады
Әскери қоймадағы жарылыс: қаза болған прокурордың отбасына марапат табысталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2021
Ғизат Нұрдәулетов орденді қаза болған прокурордың анасы Ділда Қапезоваға табыстады

Іс-шараға оның анасы - Ділда Қапезова, жұбайы - Әсемгүл Қапезова, балалары, жақын туыстары, сондай-ақ прокуратура органдарының ұжымы қатысты.

Мемлекет басшысы қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған Арман Қапезовты I дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттаған болатын.

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов орденді батыр ұлды дүниеге әкеліп, тәрбиелеген анасына табыстады. Және нағыз офицерді лайықты тәрбиелегені үшін алғыс білдірді.

"Арман Қапезов прокуратура жүйесінде 24 жыл жұмыс істеп, жауапкершілігі мол және білікті басшы болды, өзінің әскери борышын соңына дейін абыроймен орындады", - деп атап өтті ол.

Ол марқұмның туыстарына арнаған сөзінде прокуратура органдары оның отбасын қолдауға қажетті барлық шараларды қабылдайтынын жеткізді.

Арман Қапезовтің ерлік істері болашақ ұрпақ үшін, ең алдымен, прокуратураның жас қызметкерлері үшін әрдайым үлгі болатынын ерекше атап өтті.

Қапезовтер жанұясы жақындарын жоғары наградамен марапаттағаны үшін Президентке ризашылық білдірді.

Оқи отырыңыз: Отставкаға кеткен экс-министр Ермекбаев кешірім сұрады

 

Жаңалықтар
0