НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 29 тамыз күн ыстық әрі ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Солтүстікте, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түседі деп болжанып отыр.
Дабылды ескерту
Павлодар облысында найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.
Солтүстік Қазақсан облысында түнде жаңбыр жауады, өңірдің оңтүстік-батысында нөсер жауын, күндіз басым бөлігінде жаңбыр күтілуде. Оңтүстік-батысында – найзағай, бұршақ, күндіз дауыл соғады.
Қарағанды облысында да найзағай жарқылдайды, желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Тағы оқыңыз: Дауыл, тасқын, өрт: Жер бетіндегі климат өзгерісінің зардабы қандай – фото
Қызылорда облысында да 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз 29 тамызда Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Облыстың батысында және таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Мегаполистердегі ауа райы
Нұр-Сұлтанда да жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болжанып отыр. Сынап бағанасы 21-23°C дейін түседі.
Алматыда найзағай ойнап, жауын жауады, ауа температурасы күндіз: +30+32 °C.
Шымкентте күн бұлтты, сынап бағанасы +35+37°C.