Өңірлер

Жаңбыр, бұршақ және дауыл: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневЕлорда көрінісі
Елорда көрінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, Шымкентте жауын-шашынсыз, күн ыстық

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 29 тамыз күн ыстық әрі ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстікте, солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түседі деп болжанып отыр.

Дабылды ескерту

Павлодар облысында найзағай жарқылдап, күндіз бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақсан облысында түнде жаңбыр жауады, өңірдің оңтүстік-батысында нөсер жауын, күндіз басым бөлігінде жаңбыр күтілуде. Оңтүстік-батысында – найзағай, бұршақ, күндіз дауыл соғады.

Қарағанды облысында да найзағай жарқылдайды, желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Тағы оқыңыз: Дауыл, тасқын, өрт: Жер бетіндегі климат өзгерісінің зардабы қандай – фото

Қызылорда облысында да 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 29 тамызда Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Облыстың батысында және таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда да жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болжанып отыр. Сынап бағанасы 21-23°C дейін түседі.

Алматыда найзағай ойнап, жауын жауады, ауа температурасы күндіз: +30+32 °C.

Шымкентте күн бұлтты, сынап бағанасы +35+37°C.

Жаңалықтар
0