ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, 27 тамыз — Sputnik. Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасының жарылғанына байланысты Алматы-Тараз тас жолы әлі жабық тұр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жолды жол-патрульдік полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан қызметкерлері қоршап тұр. Олар оқиға орнына өткізбейді, айналып өтуге жол көрсетеді.
Жамбыл облысындағы жарылыс: дәл қазір не болып жатыр — фото
© Sputnik / Тимур Батыршин
Қазір жарылыс болған жерде өрт басылған, алайда қою қара түтін алыстан көрінеді.
Бұл бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан.
Байзақ ауданының Қайнар, Ботамойнақ, Жібек Жолы ауылдары мен Үшбұлақ стансасының тұрғындары – шамамен 1200 адам Тараз қаласындағы мектептерге эвакуацияланды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі