ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, 27 тамыз — Sputnik. Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасының жарылғанына байланысты Алматы-Тараз тас жолы әлі жабық тұр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жолды жол-патрульдік полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан қызметкерлері қоршап тұр. Олар оқиға орнына өткізбейді, айналып өтуге жол көрсетеді.
Қазір жарылыс болған жерде өрт басылған, алайда қою қара түтін алыстан көрінеді.
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде 26 тамыз сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірі өртеніп, жарылыс болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан.
Байзақ ауданының Қайнар, Ботамойнақ, Жібек Жолы ауылдары мен Үшбұлақ стансасының тұрғындары – шамамен 1200 адам Тараз қаласындағы мектептерге эвакуацияланды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі
Посмотреть эту публикацию в Instagram